«Гелендваген cыйлады»: Әлішер Каримов Назарбаевтар әулетімен қарым-қатынасы туралы айтты

Бірде "ақша берейін десем, Әлішер, сенің барлық қалтаң тігілген" деп айтқан еді.

Маусым 26, 2024 - 10:42
Маусым 26, 2024 - 10:43
«Гелендваген cыйлады»: Әлішер Каримов Назарбаевтар әулетімен қарым-қатынасы туралы айтты
Коллаж: sadaqmedia.kz

Әнші Әлішер Каримов Асхат Садырбайдың Media youtube-арнасына берген сұхбатында Назарбаевтар әулетінің ықпалы туралы айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, көптеген концерттерге, тойларға шығуына Раиса Құлыбаева қолдау көрсеткен.

"Көп концерттеріме Раиса Құлыбаева апамыз келді. Менің шығармашылығымды ол кісінің қалай жақсы көргенін бәрі біледі. Тіпті бір жаққа барса да, "Әлішерді шақырдыңдар ма" деп сұрайтын. Кезінде солай қолдау көрсетті. Ақшалай емес, концерттерге, тойларға шақырды. Қалтасынан ақша берген кезі болмады. Мен оны алмас та едім. Бірде "ақша берейін десем, Әлішер, сенің барлық қалтаң тігілген" деп айтқан еді. Себебі сахнаға киетін костюмдерімде қалта болмайтын", - деді әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі өнерін бағалайтын кісілерден үлкен сыйлықтар алғанын да жасырмады.

"Өнерімді жақсы көретін кісілерден үлкен сыйлықтар алған кезім болды. Мақтанғанды жақсы көрмеймін, атап айтпай-ақ қояйын. Олардың ішінде гелендваген көлігін сыйға тартқандар да болды. Кім бергенін айта алмаймын", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow