Сот Жусанбаевты АМӨЗ басшысы қызметіне қайтару туралы шешім қабылдады

Сот оған өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.

Маусым 21, 2024 - 20:06
Маусым 21, 2024 - 20:22
Сот Жусанбаевты АМӨЗ басшысы қызметіне қайтару туралы шешім қабылдады
Фото: anpz.kz

Кейбір дерек көздері «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (МӨЗ) бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың қайтадан қызметіне оралғанын жазып жатыр.

Телеграм-арналардың жазуынша, Атырау облыстық соты Ғалымжан Жусанбаевты АМӨЗ-дің басшысы лауазымына қайта тағайындау туралы шешім шығарған.

Жусанбаев Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры болып осы жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын. Қызметіне кіріскен бойда ол  кәсіпорын жұмысына аудит жүргізеді. Тексеру барысында көптеген олқылықтар тауып, жалпы сомасы 150 млрд теңге болатын заңсыздық барын анықтаған. Сондай-ақ кокс пен түйіршікті күкіртті сақтау және газ шығарылуы барысында қателіктер бар екенін әрі осының салдарынан экологиялық апат болып жатқанын ашық айтқан. Қысқаша айтқанда, кәсіпорында ұзақ жылдар бойы таза ұрлық болғанын дәлелдеп береді.

«Бұл дегеніңіз, айына 9000 тонна. Жай ғана ұрланып кетіп жатыр. Кейін шығын және «өртенген өнім» есебінен жабылады. Іс жүзінде біз ұрлықты тоқтаттық», – деді Жусанбаев.

Осыдан кейін кәсіпорын қызметкерлері арасында біреулердің ұйымдастыруымен зауыттың бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаевты қызметтен шеттетуді талап еткен петиция ұйымдастырылады. Артынша зауыттың бас инженері әлеуметтік желіде видео жариялап, жаңадан тағайындалған бас директордың әрекетіне арызданған болатын.

Ұзамай "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша АМӨЗ ЖШС бас директоры Жусанбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылданады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға оны АМӨЗ бас директоры лауазымына қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш берген болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow