Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін әлем чемпионатында Аргентинамен кездеседі

Қыркүйек 30, 2024 - 09:35
Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін әлем чемпионатында Аргентинамен кездеседі
Фото: ҚФФ

Бүгін, 30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентинамен кездеседі. Бүгінгі ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. Алғаш рет 2016 жылы әлем чемпионатында ел құрамасы оларға 0:1 есебімен есебімен есе жіберсе, биыл қыркүйек айында жолдастық кездесуде 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Бұл жұпта жеңген команда Франция мен Парагвай жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow