Желіде қисалаңдап көшеде мас болып жүрген видеосы тараған прокурор қызметтінен қуылды

Желіде облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйінде қала көшелерін кезіп жүргені туралы видео тараған еді.

Қыркүйек 6, 2024 - 11:06
Қыркүйек 6, 2024 - 11:19
Желіде қисалаңдап көшеде мас болып жүрген видеосы тараған прокурор қызметтінен қуылды
Ulysmedia.kz

Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев желіде тарап кеткен видеодан кейін қызметінен босату туралы өтініш жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО прокуратурасы 12 тамыз күні Facebook-те «Қоршаған ортаны қорғайтын прокурор, қоршаған ортаны бүлдіріп жүргені қалай?» деген тақырыппен фото-видео бойынша қызметтік тексеріс жүргізген. Анықталғандай, Абылай Бисқалиев жұмыс орнында болған. Сол күні жасалған медициналық куәландыру прокурордың сау болғанын көрсеткен.

«Объективті себептерге байланысты фото-видеоның нақты қай күні түсірілгенін анықтау мүмкін болмады. Бірақ бұл жағдай қоғамдық резонанс туғызып, әлеуметтік желі қолданушылары мен ақпарат сайттарының оқырмандары арасында қызу пікірталасқа ұласты. Әдеп кодексіне сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтар, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, мемлекеттік билік беделіне, азаматтар мен қоғамның мемлекеттің институттарына деген сенімін нығайтуға септігін тигізуі керек, теріс қоғамдық резонанс туғызатын әрекеттерге жол бермей, өз абырой-беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ жүруі керек», - дейді прокуратурадағылар.

Осыған байланысты 15 тамызда қызметтік тексерістің нәтижесі және облыс прокуратурасының дисциплинарлық комиссиясының ұсынымы бойынша Абылай Бисқалиев қызметке толық сай еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапқа тартылған. Алайда Бисқалиев мемлекеттік қызметкерлердің моралдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қойылатынын түсіне отырып, басшылықтың атына қызметінен босату туралы рапортпен жүгінген.

Осылайша 20 тамызда Абылай Бисқалиев Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылған.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow