Елорда базарында тексеруден өтпеген ет сатылған

Қазан 3, 2024 - 12:49
Елорда базарында тексеруден өтпеген ет сатылған

Астана базарларында тексеруден өтпеген ет сатылып келген. Полиция қызметкерлері ІІМ криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен қала базарларының бірінде етті кедергісіз өткізу мақсатында жалған мөрді пайдалану фактісінің жолын кескенін хабарлады.

Ұсталған сатушыдан жеке тінту кезінде ветеринариялық бақылаудан өткені туралы малға мөр басуға арналған «алдын ала тексеру» жалған мөрі тәркіленді. Ұсталған адамның АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясына ешқандай қатысы жоқ екендігі және зертханалық зерттеулер жүргізілмегені анықталды.

Мөрді бір айдан астам уақыт бойы қолдана отырып, ол базарда ет сатуға рұқсат беру үшін әкелінген ет өнімдерін «тексеруден» өткізген.

Қазір АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберіліп, оған ет өнімдерін сату бойынша нарық қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Ұсталған адамға және базар әкімшілігіне қатысты мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар болу мүмкіндігін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow