Елімізде аумақтық қорғаныс туралы заң қабылданды

Қараша 4, 2024 - 10:34
Елімізде аумақтық қорғаныс туралы заң қабылданды
aikyn.kz

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында Қазақстанның қорғаныс жүйесіне «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» және «ерікті» деген жаңа ұғымдар енгізілген. 

Әскери жағдай туындаған кезде немесе алда-жалда соғыс бола қалған жағдайда дәл осы  Аумақты қорғау бөлімдері жергілікті әскери басқару органдарын құрады.

Жасаққа өз еркімен келген Қазақстан азаматтары қабылданады.

«Олардың арасында өзін-өзі қорғау жасағын құру кезінде Қарулы Күштер қатарына шақырылмаған және міндетті қатысуға жатпайтын тұлғалар да болады» делінген хабарламада.

Еріктілер елді мекендерді, аумақтық қорғаныс нысандарын сақтау мен қорғау, қорғаныс құрылыстарын салу, эвакуациялау шараларын жүргізу және т.б. тапсырмаларды орындауға тартылады.

«Жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін Қарулы Күштер құрамына еріктілерден тұратын жеке өзін-өзі қорғау құрамалары енгізілуі мүмкін»  деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Егер еріктілер жауынгерлік тапсырмаларды орындаса, оларды Қорғаныс министрлігі қамтамасыз етеді. Көмекші тыл бөлімшелерінің еріктілерімен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзырында болады.

Ілеспе жобада Кәсіпкерлік кодекске және заңға аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бес орган бойынша (Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар) түзету енгізілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow