«Екеумізге қатысты ақпаратты кейін айтамын»: Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның арасында не бар?

Мамыр 31, 2024 - 12:00
Мамыр 31, 2024 - 12:02
«Екеумізге қатысты ақпаратты кейін айтамын»: Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның арасында не бар?

Отандық танымал әнші Нұрлан Әлімжанов өнердегі әріптесі Әйгерім Қалаубаева екеуін не байланыстыратынын ашып айтты. Ел алдына бірге көп шығатын өнер иелерін халық арасында қосып жатады, деп жазады Sadaqmedia.kz  ақпарат порталы.

Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаева енді тек өзімен ғана дуэт жазатынын кесіп айтты. Оның себебін әнші «1001 түн» бағдарламасында түсіндірді.

«Екеумізге қатысты толығырақ ақпаратты кейінірек айтамын. Оны ән арқылы, бейнебаян арқылы, болашақта түсірілетін кино арқылы түсінесіздер. Бізде қазір үлкен жоба басталды. Бұл той үшін жаза салатын әндер емес. Есті әндер, мән-мағынасы бар, халыққа рухани мұра болып қалатын дүниелерді жасап жатқан жайымыз бар. Енді осы жоба басталғалы ол тек менімен, мен онымен ғана дуэт айтатын боламыз. Сондай шешімге келдік. Бұған жоба ретінде қарап жатырмыз. Өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырамыз», — деді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow