Бүгін түнде ел тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқай алады
Оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады.
Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні "Орионид" метеорлық ағынын бақылай алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.
Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады, – делінген хабарламада.
Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық фотограф алып кометаны видеоға түсіріп алған болатын. Сондай-ақ мамонттар көрген комета Жерге жақындап келе жатқанын жазған болатынбыз.
Сіздің реакцияңыз қандай?