«Бірге тұратын әйелін ұрды»: Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Шілде 29, 2024 - 15:47
Шілде 29, 2024 - 15:48
«Бірге тұратын әйелін ұрды»: Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен айда әлеуметтік желіде Астанадағы көшелердің бірінде ер адамның әйелді шашынан сүйреп, аясуыз ұрып жатқан видеосы тараған еді. Kozachkov offside телеграм-арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды.

Көп ұзамай полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow