«Бір креслосы 5 миллион теңге»: Журналист экс-әкім Даниал Ахметовтың бұрынғы резиденциясын көрсетті
Журналист Асхат Ниязов кезекті бейнематериалында Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовтың бұрынғы резиденциясын көрсетті, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
15 бөлмеден бөлек теннис ойнайтын алаңы мен түрлі демалыс орындары бар резиденция күтімсіз қалған. Екі қабатты ғимаратта жеделсаты да бар. Бірнеше жұмыс орны, биллиард ойнайтын жер, монша, тіпті бассейні де бар екен.
Ғимарат ішінде бренд жиһаз да көзге түсті. Versace жиһазының бағасы, яғни бір креслоның өзі 5 миллион теңге тұрады. Барлығын қосқанда (екі кресло, диван, журнал үстелі) 20 миллион теңгеге шығады.
Бүгінде экс-әкімнің резиденциясы емдеу-сауықтыру орнына айналған.
Сіздің реакцияңыз қандай?