«Бір ұлым Қазақстанға орала алмайды»: «Жаным баклажаным» лақап атымен танылған блогер мәлімдеме жасады

Қараша 20, 2024 - 11:04
«Бір ұлым Қазақстанға орала алмайды»: «Жаным баклажаным» лақап атымен танылған блогер мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде «Жаным баклажаным» лақап атымен танылған Айдын Тоқсанбаева экс-жұбайымен болған дауды жайып салды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогердің сөзінше, жанжалға себепкер болған ұлының басқа елдерге саяхаттау үшін әкесінің рұқсат қағазы керек көрінеді. 

«Шетелде жүрген адам ғана түсінер. Сонша жүріп барлық құжатты бітірдім дегенде сенің өміріңде жоқ адамның рұқсат қағазын сұрайтынын білмедім. Елден кеткенімізге екі жыл болып еді. Сонша күйіп, пісіп, ашуланып, иттік жасап, ақыры ұтылдым. Бір жапырақ әке сымақтың рұқсатын ала алмағандықтан бір балам АҚШ-тан басқа елге шыға алмайтын болды. Тіпті, Қазақстанға бара алмайтынын түсінбейді. Құжат үшін бұрынғыны еске алып, біреудін жырын жариялау – оңбағандық. Бірақ үміт болды. Өмір сүруді жалғастырамыз. Ұлым 14 жасқа келгенде не үшін шетелге шыға алмайтынын түсіндірермін», – деп жазды блогер. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow