«Базарда тәшкі сүйреген біреу түсірген сияқты»: Ахметбек Нұрсила «Қажымұқан» фильмін сынап тастады

Қазан 14, 2024 - 11:33
Қазан 14, 2024 - 11:45
«Базарда тәшкі сүйреген біреу түсірген сияқты»: Ахметбек Нұрсила «Қажымұқан» фильмін сынап тастады

10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Қажымұқан» фильмі көрерменге жол тартқан еді. Алайда, әлеуметтік желілерде фильмге қатысты негатив пікір білдіргендер басым. Солардың бірі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

«Қажымұқан фильміне келдік. Мектепте 4-5 класта  қойылатын спектакль деңгейінде екен. Кино деп айтудың өзі ұят. Масқара!!! Базарда тәшкі итеріп жүрген, өмірінде 2 кітар оқымаған біреулер түсірген сияқты»,- деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында. 

Бұған дейін журналист Гүлжазира Мәтенова фильмнің сын көтермейтінін айтып, оған себеп - салдыр-салақ режиссер мен оператордың жұмысы екенін жеткізген. 

«Қажымұқанға» бардық. Трейлерін көріп бір тәуір дүние шығар деп едім.  Қателесіппін! Сүреңсіздігі сонша, соңына дейін көріп отыра алмадым. Сюжеттік желісі жұлым-жұлым. Көркем емес, деректі фильм сияқты. Декарациясы жұпыны. Шошайған екі-үш киіз үй айналасында түсіре берген. Ол аздай ауылдағыдай сырты әктелген «современный» үйлер де бар. Массовкасы аз. Мүйізі қарағайдай актерлер ойнағанмен, салдыр-салақ режиссер мен оператордың жұмысы бәрін зая қылған сияқты. Палуандардың пошымы, қимыл-әрекеті, күресі бір келіспейді. Жасанды. Мынаның қасында «Қажымұқан» жайында түсірілген баяғы «советский» кино мың  есе артық қой, айналайындар-ау! Жаңасын түсіреміз деп, несіне арамтер болдыңдар?! Ұят!», деп жазды ол.

Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, 2020 жылы түсірілімін бастап, үлкен экранға 10 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізіп барып ұсынған.

Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow