Баянауылдағы өртке шөп шауып жүрген шаруалар кінәлі болып шығуы мүмкін

Қазан 7, 2024 - 15:45
Қазан 7, 2024 - 16:04
Баянауылдағы өртке шөп шауып жүрген шаруалар кінәлі болып шығуы мүмкін

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Баянауыл ауданындағы өртке шөп жауып жүрген шаруа қожалық иелері кінәлі болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

 ӘКІМ МӘЛІМДЕМЕСІ

Облыс әкімі дала өртінің Қарағанды облысынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өткен Баянауыл ауданына барғанын айтады.

Ол өрттің шығу себебі болуы мүмкін жайтты атады.

“Мұндай өрттердің негізгі себептерінің бірі – шөп шабу кезінде қолданылатын техникалардағы ұшқын сөндіргіш құрылғылардың істемеуі. Сондықтан, барлық шаруа қожалықтарынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуы тиіс қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ, өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұраймын” делінген әкім мәлімдемесінде.

ӨРТ АУМАҒЫ

Аудандағы өрт шалған жердің аумағы шамамен 6 мың га құрайтыны айтылады. Жағдай қалың өскен шөптердің және 12-15 м/с екпінді желдің салдарынан күрделенуде.

НЕ ІСТЕЛІНІП ЖАТЫР

Әкімдік мәліметінше, тілсіз жаумен күреске 310 адам, 51 арнайы техника, 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланған, өртті жою жалғасуда. Ауданда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

ЖАЛПЫ КӨРСЕТКІШ

Қазіргі уақытта Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, «Баянауыл» МҰТП 609 адам және 110 техника, «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылған.

Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында өрт орны далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Жалпы 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеуде. Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті.

Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысының ТЖД 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының ТЖД 8 718 2 20 11 12 жедел желі телефондары жұмыс істейді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін дала өртінде құтқарушы қаза тауып, үшеуі ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.

Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow