Азия пара ойындарында Қазақстан спортшысы чемпион атанды

Қазан 24, 2023 - 15:42
Қазан 26, 2023 - 08:15
Азия пара ойындарында Қазақстан спортшысы чемпион атанды

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында  Қазақстан спортшысы Ерғали Шамей дзюдодан алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасымыз Асылан Нұрдәулетовпен күрескен. Осылайша, Ерғали Шамей алтын медаль, Асылан Нұрдәулетов күміс медаль иеленді.

Бүгін сондай-ақ Жалғас Тайкенов, Бейбарыс Спатай Азия пара ойындарында күміс медаль иеленсе, Динара Куджулова, Бауыржан Арыстанбеков, Даяна Федосова, Роман Потапов, Гүлім Құрманбаевалар қолда жүлде алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow