«Айтысты тірілтемін деп жүріп өзім өлуге айналыппын»: Жүрсін Ерман денсаулығы туралы айтты

Маусым 14, 2024 - 16:34
Маусым 14, 2024 - 16:34
«Айтысты тірілтемін деп жүріп өзім өлуге айналыппын»: Жүрсін Ерман денсаулығы туралы айтты

Танымал ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман депутат Аманжол Әлтаевқа сұхбат беріп, ауырған кезінде халықтың қолдауын сезініп, күш алғанын айтты. Ауруханада ем алғанда, үйіне шыққанда, үйіне келетін адамдар өте көп болған. Бұл туралы Sadaqmedia.kz ақпара порталы «Aitysqazina» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақын сырқаттанып жатқан кезде 70-80 ақын бірінен кейін бірі іздеп келгенін жеткізді. 

«Мыңдаған адамның тілегі ғой, көптің тілегі  – көл. Қатарға қосылуыма тілекшілерімнің тілеуі, дұғасы себеп болды ма деп ойлаймын. Бірінші – Алладан ғой. Халықтың қолдауы, тілеуіңді тілегенін сезіну – кісіге күш, дем береді екен. 70-80 ақын бірінен кейін бірі іздеп келді. Үйде, ауруханада жатқанымда сәлем беріп, көңіл сұрап кетті. 

Кеше Мұқағали Сейітқазының шығармашылық кешіне қатыстық қой. Осы көктемгі салым Ұлытау табанынанбыз деп 3 ақын келді біздің үйге. Мұқағали Сейітқазы, Абай Ораз, тағы бір үшінші жас ақын келді. Батамды алуға іздеп келген беті екен. Соның өзі ізімнен ерген адамда бар екен деп ойлануға мүмкіндік береді екен. Айтысты тірілтем деп жүріп өзім өлуге айналыппын»,-деді ол. 

Аманжол Әлтаев енді оқушылар арасында «Қола домбыра» айтысы өткізілетінін хабарлады. Осыған дейін жас ақындар арасында «Күміс домбыра», Республикалық айтыс жеңімпаздары арасында «Алтын домбыра» айтысы өткізілетін еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow