Айыппұл арқаламау үшін көлік иелері қашанға дейін дөңгелегін ауыстырып үлгеруі керек?

Қазан 18, 2024 - 15:56
Айыппұл арқаламау үшін көлік иелері қашанға дейін дөңгелегін ауыстырып үлгеруі керек?

Алматы полиция департаменті қызметкерлері көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жолдады.

"Алдағы күндері ауа райы нашарлап, жаңбыр мен қар жаууы, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", – дейді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Бұл талаптарды орындамағандар қомақты айыппұл арқалайды.

Оның айтуынша, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі.

Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне ауыстырылуға тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес көлік иелеріне 5 АЕК  (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Полиция департаменті сонымен қатар жүргізушілерге жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін ескерткен. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow