«Аузы-мұрны қанжоса»: Карина Мамаштың адам шошырлық ВИДЕО-сы тарады

Видеодан Каринаның көгеріп ісінген жүзі мен бетін қан жуған кадрларды және ар жағында денесі жартылай жалаңаш Сәкен Мамашты байқауға болады.

Маусым 5, 2024 - 17:06
Маусым 5, 2024 - 17:07
«Аузы-мұрны қанжоса»: Карина Мамаштың адам шошырлық ВИДЕО-сы тарады
Фото: видеодан кадр

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы көмекшісінің әйелі Карина Мамаш өзіне қатысты жаңа видеомен бөлісті, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Дипломат Сәкен Мамашқа қатысты жұбайының мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғалған еді. Біраз үнсіздіктен кейін өткен жексенбіде экс-дипломат отбасылық өмірі мен жұбайы Карина Мамашпен қарым-қатынасы жайлы әсерлі жазба жариялады. Жазбаның мазмұны "барлығы жақсы еді, Карина көктемнен бері ажырасуды анасымен бірге жоспарлапты мен одан хабарсыз болдым" дегенге саяды. 

Осыдан кейін Карина Мамаш жауап ретінде дипломат айтқан "бақытты өмірінен" бұрын жарияламаған жаңа видеоны бөлісті.

Видеодан Каринаның көгеріп ісінген жүзі мен бетін қан жуған кадрларды және ар жағында денесі жартылай жалаңаш Сәкен Мамашты байқауға болады.

Видеоның астына оқырмандар Карина Мамашты қолдап пікір жазуды.

"Карина, шыдаңыз, біз сізбен біргеміз", "Билік тағы бір әйелдің өлгенін күтіп отыр ма", "Ешкімнің қандай оқыған-тоқыған адам болса да басқаға қол көтеруге құқы жоқ", деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow