Ауа райына байланысты астанадағы отшашудың уақыты өзгерді

22:15 уақытында дрондар шоуы болады.

Шілде 3, 2024 - 21:07
Шілде 3, 2024 - 21:08
Ауа райына байланысты астанадағы отшашудың уақыты өзгерді

Ауа райына байланысты Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында ұйымдастырылған отшашуды іске қосу жарты сағат бұрын басталуы мүмкін.

Осылайша отшашуды іске қосудың болжамды уақыты — 21:30-дан 22:30-ға дейін. "Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутын алдын ала жоспарлауын сұраймыз" дейді әкімдіктен.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінен тамашалауға болады. Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланып отыр. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты — сағат 22:15 (22:30).

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow