Атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
«Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі деп аталған Хасан Қасымбаев қамауға алынды. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.
Ер адам бірнеше жыл бұрын жасалған қылмыс үшін қамауға алынған. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, Хасан Қасымбаев Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 125-бабының 2-бөлігі (Адамды алдын ала сөз байласу арқылы топпен ұрлау) бойынша тергеліп жатыр.
«2024 жылғы 2 қарашада азамат Қ. 2021 жылдың маусымында азамат А.-ға қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаев туралы мәліметтер 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты шыққан болатын. Кейбір дереккөз оны «Хуторс» қылмыстық тобының жетекшісі деп атады. Алайда ер адамның өзі бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?