Астанадағы алапат өрт: Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады

Маусым 23, 2024 - 15:45
Маусым 23, 2024 - 15:45
Астанадағы алапат өрт: Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында өртенген пәтерлер жөнделетіні туралы жазды.

Әкім сарапшылардың қорытындысы шығатынын айтты.

«Rixos Khan Shatyr Residences»ТК зардап шеккен пәтерлерінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз.

Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қалалық ТЖД анықтайды», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, кеше «Хан Шатырдың» жанындағы ғимарат өртке оранған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow