«Астана футбол клубына 50 млрд кеткен»: Cарапшы спортқа бөлінетін негізсіз қаржыны сынады

Мұндай шығындармен Қазақстан FIFA әлемдік рейтингінде төмен позицияға орналасқан.

Маусым 20, 2024 - 17:50
Маусым 20, 2024 - 17:51
«Астана футбол клубына 50 млрд кеткен»: Cарапшы спортқа бөлінетін негізсіз қаржыны сынады
Фото: Pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров еліміздің спорт саласындағы жемқорлық туралы айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Антикор 2023 жылы спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру бұқаралық спортқа қарағанда 9 есе көп болғанын айтады.

"Соңғы 6 жылда тек 18 футбол клубын қаржыландыруға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұндай шығындармен Қазақстан FIFA әлемдік рейтингінде төмен позицияға орналасқан. Ең қымбат клуб «Самұрық-Қазына» АҚ – дан демеушілік көмек алған – «Астана» ФК. – 50,1 млрд теңге, одан кейін «Барыс» хоккей клубы – 48,9 млрд теңге", – деді Антикордың ресми өкілі.

Биғайдаровтың сөзінше, ақшаның көп бөлігі еңбекақы төлеу қорына, біржолғы төлемдерге, трансферге, агенттік келісімдеріне жұмсалған.

Осы орайда фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы Антикор мәліметіне қатысты пікір білдірді.

"Қазақстанның бюджеті көңіл көншітпейді. Ал Үкімет салық салу арқылы кірісті толықтыруды ғана ойлайды. Бюджеттің не нәрсеге шығындалып жатқанына қарап жатқан ешкім жоқ.
Кеше жаңалықтарда Антикордың алты жыл ішінде футбол командаларын қаржыландыруға 200 млрд теңге жұмсағаны туралы статистикасын көрдім. Бір ғана "Астана" футбол клубына 50 млрд кеткен. Осыдан кейін резервті қайдан іздеу керектігін ұққан шығарсыздар", деп жазды Данияр Темірбаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow