«Аш иттер бетін тістеп тастаған»: Теміртауда пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Тұрғындар көрші пәтерден сасық иіс сезген. Сондай-ақ иттердің ұлыған не қыңсылаған даусынан мезі болған.

Қазан 8, 2024 - 09:33
«Аш иттер бетін тістеп тастаған»: Теміртауда пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Фото: Pixabay

Теміртауда пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті мен аш питбулдар табылды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Теміртауда Уәлиханов көшесіндегі ғимарат пәтерлерінің бірінен полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері адамдардың денесі мен аш иттерді тапты. Оларды көршілері шақырыпты. Тұрғындар көрші пәтерден сасық иіс сезген. Сондай-ақ иттердің ұлыған не қыңсылаған даусынан мезі болған.

«Мәйіттердің бұл пәтерде қанша уақыт жатқанын білмейміз. Иттердің үнемі үріп, қыңсылағанын байқадық. Содан көршілер жаман иісті сезді. Полиция шақырдық, олар құтқарушылармен бірге келді. Есікті ашса, үш мәйіт пен аш иттер жатыр екен. Бұл – пәтердің иесі, оның ұлы және басқа ер адам, яғни баланың досы болуы мүмкін. Біз әйелдің қатерлі ісікке шалдыққанын білдік. Иттер ыңылдап, қарны ашқан. Марқұмдардың бетін тістеп тастағаны анық, бірақ көп емес», — дейді марқұм әйелдің көршілерінің бірі.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын хабарлады.

«Мәйіттер Теміртаудағы пәтерлердің бірінен табылды. Олардың зорлық-зомбылық өлтірілгені бойынша белгілер байқалмады. Өлімнің себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады», – деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow