«Бэтмэн депутат»: Мәжілісмен Берденовтің ВИДЕО-сы жұртты шулатып жатыр
Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің әйгілі комекс кейіпкері Бэтменнің костюмін киіп алып, биіктігі 311 метр болатын «Әбу-Даби Плаза» ғимаратының төбесінде тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қалай болғанда да, Руслан Берденовтің бұл қылығы жақсы пиар болмағанға ұқсайды. Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне сынап, «еріккен депутат» деп баға беріп жатыр.
«Депутаттар осылай жүрсе, жастарға ұрысуымыз дұрыс емес», «еріккен», «не істерін білмей жүрсе халыққа көмектессін», деп пікір жазғандар да бар.
Айтпақшы, журналист Дәурен Дариябек Respublika партиясының депутатының бұл тірлігін инфантилизм ге теңеген.
Википедия мәліметтерінде инфантилизм сөзіне балалық, ақыл-ой дамуының кері кетуі, тежелуі) — адам психологиясының қалыпты жағдайынан ауытқуы деген анықтама беріліпті.
Жасы егде тартқан кей адамдардың ой-өрісі мен іс-әрекеті балаға ұқсап, өздерін бала сияқты сезінуі. Кәдімгі адамдар шынайы өмірді нақты түсініп, есейген сайын ақыл-ойы толыса берсе, инфант адамдар өз қиялымен, еш уайымсыз, ешбір жауапкершіліксіз өмір сүреді. Олар әрдайым өзгелердің көмегіне, кеңестеріне мұқтаж. Бұл дертке шалдыққан адамдардың өмірге көзқарасы бала кезіндегідей болып, ақыл-есі кері кетеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?