Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар кешірім сұрады

Әрекетіміз адам түршігерлік.

Мамыр 31, 2024 - 14:45
Мамыр 31, 2024 - 17:18
Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар кешірім сұрады
фото: видеодан скриншот

Жігітті аяусыз соққыға жыққан алматылық оқушы қыздардың кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Марат, өзіңнің және отбасыңның алдында айыптымыз. Біздің адам түршігерлік әрекетімізді кешір», - деп түлектер видеоүндеу жолдаған.

Бұған дейін Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегені туралы жазған едік.

Кейін қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow