Алматы саябағында қайтыс болған әйел өз баласын тұншықтырып өлтірген

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Маусым 24, 2024 - 22:23
Маусым 24, 2024 - 22:24
Алматы саябағында қайтыс болған әйел өз баласын тұншықтырып өлтірген
Фото: Pixabay.com

Бүгін, 24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана аттракционнан құлап, мерт болған еді.  Ал әлеуметтік желіде биіктен секірмес бұрын жас келіншектің баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Zakon.kz-тің жазуынша, Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі қыз баланың денесі табылғанын растаған.

«Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді полициядан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, саябақта әйел адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Дереккөз әйелдің аттракционнан құлап мерт болғаны туралы хабар таратқан еді. 

Қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow