«Әлеуметтік көмек деп жүріп, қоғамда масылдық психологияға жол бердік» - Президент

Әлеуметтік көмекті кімге беру қажеттігі адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықталуға тиіс.

Ақпан 7, 2024 - 12:09
Ақпан 7, 2024 - 12:12
«Әлеуметтік көмек деп жүріп, қоғамда масылдық психологияға жол бердік» - Президент
zhaikpress.kz

Мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететіндер бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қараған жөн. Бюджет қаржысы шын мәнінде көмекке мұқтаж адамға берілуі керек. 
«Реформа жүргізгенде әлеуметтік көмектің кімге және қалай берілетінін түгел қайта қарау қажет. Яғни, бөлінген қаржыны барынша тиімді жұмсап, оны шын мәнінде көмекке мұқтаж адамға беру керек. Қазіргі таңда 4,5 миллионға жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Бұл – шамамен еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Басым көпшілігі – еңбекке жарамды азаматтар. Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек», - деді Президент.

Оның айтуынша, тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет.

«Жалпы, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қараған жөн. Себебі, мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар. Әлеуметтік көмекті кімге беру қажеттігі адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықталуға тиіс. Бұл мәселеде бір нақты шешім қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow