АҚШ сенаторы Израиль-Палестина соғысын тоқтату үшін ядролық қару қолдануға шақырды
ХАМАС өкілдері Грэмнің бұл мәлімдемесін «таңқаларлық» деп атап, оны «геноцидтік соғыстың сыбайласы» деп атады.
![АҚШ сенаторы Израиль-Палестина соғысын тоқтату үшін ядролық қару қолдануға шақырды](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202405/image_870x_66434e7aa7354.jpg)
АҚШ-тың республикашыл сенаторы Линдси Грэм Израиль-Палестина арасындағы соғысты тоқтату үшін ядролық қару қолдануға шақырды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол NBC News арнасына берген сұхбатында айтты. Сұхбатында ол Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы АҚШ-тың Жапонияға жасаған ядролық соққысын сөз еткен.
«Біз Перл-Харбордан кейін расын айту керек халық ретінде жойылуға шақ қалдық. Бұл қиындықтан шығу үшін Хиросима мен Нагасакиге ядролық бомба тастадық. Бұл дұрыс шешім болды. Соғысты аяқтадық. Израиль-Палестина соғысында мұны неге жасамасқа. Еврей халқы жеке ел ретінде аман қалу үшін бәрін жасау», - деді сенатор Израиль үкіметіне бағыттап.
ХАМАС өкілдері Грэмнің бұл мәлімдемесін «таңқаларлық» деп атап, оны «геноцидтік соғыстың сыбайласы» деп атады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)