«Ақыры өзім тауып алдым»: Ерлан Көкеев Air Astana жоғалтқан гитарасын тапты
Менің гитарам мен Air Astana арасындағы оқиға мәресіне жетті.
Музыкант Ерлан Көкеев Өскеменнен Алматыға ұшып келгенде гитарасын таппай қалғанын айтып, Air Astana компаниясына шағымданған еді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Менің гитарам мен Air Astana арасындағы оқиға мәресіне жетті. Міне, Александр деген адам келіп тұр. Аспапты алып келді. Жолаушылар өздерінің гитарасы деп ойлап, менікін алып кеткен екен. Гитарам қолымда. Ақыры өзім тауып алып тұрмын",- дейді Көкеев.
Ал Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етуге уәде берген.
"Әуеуомпания құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір ғана гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел. Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді. Осы ұшақтан түскен қызыл бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған", деп жазады Air Astana баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?