Бір баланы мектепке жинауға 43 мың теңге жетеді – министрлік
Мектеп формасын алуға 43 мың теңге де жетеді. Жауапты министрліктің Балалар құқығын қорғау комитеті басшысының бұл сөзі бүгін қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әсіресе, мұны естіп, тіксініп қалған ата-аналар өре түрегелді. Олар «Қымбатшылық қыспаққа алған шақта 43 мың теңгеге не аламыз?» деп азар да безер. Қала тұрғыны Айман Омарованың айтуынша, оқу-құралдары былтырғыға қарағанда екі есеге қымбаттаған.
«Менің бір түйір балам бар. Соны киіндіруге, жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарын алуға келдік, Былтыр арзандау еді, биыл 2 есеге қымбаттаған. Бір баламды киіндіру үшін маған 150 мың теңге керек екен. Одан кейін күздік, қыстық киімдерін тағы қосыңыз. Ал бес-алты баласы бар отбасылар қалай күн көреді, ойлай беріңіз», дейді ол.
Ал, оқу-ағарту министрлігі материалдық көмекті 500 мыңнан астам оқушы алатынын айтады. Ата-аналардың шотына 4 млрд теңге аударылып та қойған.
Бұл жәрдем кімдерге және қалай беріледі? Әлгі айтқан сомма, расында, жеткілікті ме?
Сіздің реакцияңыз қандай?