«Мінезі өзгере бастады»: Жігер Ауыпбаев «қойшы баламен» араласпай кеткенін айтты
Бала қазір өтпелі кезеңде жүр.
Әнші Жігер Ауыпбаев өзі сахнаға шығарған «қойшы баламен» араласпай кеткенін айтты, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол «ХабарLike» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Бала қазір өтпелі кезеңде жүр» Бүгінде әнші Береке Мұрат есімді «жылқышы баланы» тапқан. Қазір соған ұстаздық етіп жүр. Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім, уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын. Себебі мен «қойшы баланы» үш жыл бұрын жайлаудан Алматы қаласына алып келіп, үйімнен орын беріп, мектебін жайғастырып, оқуын реттеп, продюсері болмасам да ұстазы ретінде қайда барсам бірге ертіп жүрдім. Ол менің балам емес, ата-анасы бар дегендей. Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан болатынмын. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім, өз қалпына келгеннен кейін оралар. Менің қанатымның астына өткеннен кейін үш айдан кейін өтпелі кезеңі басталды. Мінезі өзгере бастады, – дейді әнші.
«Жылқышы балаға көзім түсті» Ал «қойшы бала» ештеңе түсміндірместен бір күнде кетіп қалған.
«Мен продюсер деген сөзге қарсымын. Қолымнан келгенше кез келген қазақ баласына қолдау білдіргім келеді. Өзімізде ауылдан шыққасын, тасадағы таланттардың бағын жағуға тырысамын. Райымбек ауданында ән сапармен барғанда қойшы баланы таптым. Енді өнерге қосамын деп жатқанымда кетіп қалды. Қаншама жоспарлар қалды. Ештеңе айтпастан бір күнде кетті. Содан жылқышы балаға көзім түсті. Қазақ өнерін биікке көтеретін мықты маман болатынына сенімдімін», – дейді Жігер Аупбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?