«Әкеңді солай ұрсын»: Егде жастағы адамды сабаған алматылық көптің ашуын туғызды (ВИДЕО)

Алдымен ол өзінен бірнеше жас үлкен кісін қылғындырып алады. Кейін ішінен бірнеше рет ұрады.

Мамыр 23, 2024 - 11:58
Мамыр 23, 2024 - 12:07
«Әкеңді солай ұрсын»: Егде жастағы адамды сабаған алматылық көптің ашуын туғызды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде шашына ақ түскен, егде жастағы азаматты ұрған алматылықтың видеосы жарияланды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбадан егде жастағы азаматқа жүйліккен жас жігітті байқауға болады. Алдымен ол өзінен бірнеше жас үлкен кісін қылғындырып алады. Кейін ішінен бірнеше рет ұрады, деп жазады Ulysmedia.kz.  

Сол маңнан өтіп бара жатырған бозбола мен бойжеткен үлкен кісіге араша түседі. 

Алматы полициясының баспасөз қызметі бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тәртіп бұзған бұзақы ұсталған.  

“Ер адамға алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция. 

“Әкеңді де солай ұрсын”, “әлің келетін адамды тапқан екенің”, “қорқақ” деген сарында пікір қалдырған желі қолданушылары.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow