Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурда жүр

Мамыр 23, 2024 - 12:03
Мамыр 23, 2024 - 12:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурда жүр

Мемлекет басшысы мемлекеттік сапармен Сингапур Республикасына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам Istana сарайында қарсы алды.

Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сингапурмен энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Сингапурды сенімді серіктес санайды. Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 млрд доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 млрд доллардан асады.

Президенттер өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету, соның ішінде екіжақты қатынастардың құқықтық базасын нығайту арқылы күш-жігер біріктіруге уағдаласты.

Тараптар білім беру және адам капиталын дамыту бағыттарындағы ынтымақтасты жандандыру қажет деп санайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow