«Банда, ОПГ деп жатыр екенсіздер»: Талғардағы қылмыстық топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев ел алдына шықты

Хасан Қасымбаев жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты.

Қазан 15, 2024 - 09:36
Қазан 15, 2024 - 10:18
«Банда, ОПГ деп жатыр екенсіздер»: Талғардағы қылмыстық топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев ел алдына шықты

Талғарда бір топ адамның қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі барша қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Әлеуметтік желіде баланың өліміне кінәлілердің артында "Хутор бандиттері" атты қылмыстық топтың тұрғаны және оның басшысы Хасан Қасымбаев екені айтылып жатыр. Аталмыш істе аты аталған Хасан Қасымбаев үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Хасан Қасымбаев өзі туралы айтылған ақпараттың барлығы жалған екенін алға тартып отыр.

“Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттағы Қасымбаев Хасан деген мен боламын. Талғарда болған қайғылы оқиға, Шерзат деген баланың қазасына, туған-туысқандарына, әке-шешесіне қайғырып көңіл айтамын. Әрине, қиын. Ешқайсымыздың басымызға бермесін. Мен де әкемін. 3 бала тәрбиелеп, өсіріп отырмын. Біздің отбасымызға да оңай болып тұрған жоқ. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпарат менің және отбасымның мазасы кетті”, – деді ол.

Ал өзі туралы осындай қауесет таратып жатқандардың үстінн шағым түсіретінін атап өтті.

“Банда, ОПГ деп жатыр ондайға қатысым жоқ. Заң алдында проблема болмаған, сотталмағанмын. Әрине, інісі сотталған деп айтып жатыр. Інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқан тұлғалардың бәрін заң бойынша жауап беруін сұраймын. Мен туралы айтылып жатқан ақпарат көп, заң бойынша арыздарын жазсын. Қылмыскерлер ұсталып, заң бойынша жазаларын алады деп ойлаймын”, – деді ол үндеуінде. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow