АҚШ әскери кемелері мен жойғыш ұшақтарын Израильге жақындатады

Жексенбіде АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагон "Джеральд Форд" ұшақ тасығышы мен "Норманди" крейсерін және әуеден соққы жасайтын бірнеше эсминецті Израильге жақындататынын хабарлады.  Израиль АҚШ-тан қосымша қару-жарақ пен оқ дәрі алып, "Темір күмбез" әуе қорғанысы күшейтеді. АҚШ Израильді қолдау мақсатымен осы өңірдегі әскери әуе базаларында тұрған жойғыш ұшақтарын көбейтеді.  "Хамастың" террор шабуылы салдарынан туыстарынан айырылған көптеген отбасылармен, Израиль халқымен біргеміз", – деп жазылған жексенбіде таралған Остин мәлімдемесінде. Мәтінді Америка дауысы жариялаған.    Израильге көмек беруді бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден бұйырған. Ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньягумен екі рет сөйлесіп, көмектесуге уәде берген.    "Әл-Жазира" телеарнасы Вашингтонның шаралары туралы Хамас террор тобының "ұшақ тасығышпен бізді қорқыта алмайды, Америка әкімшілігі бұл ісінің артын ойлауы керек" деген пікірін таратты.   

Қазан 10, 2023 - 20:03
Қазан 10, 2023 - 22:48

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow