Петропавл атауы Қызылжар болып өзгере ме? Әкім не дейді?

Тамыз 13, 2024 - 12:19
Тамыз 13, 2024 - 14:27
Петропавл атауы Қызылжар болып өзгере ме? Әкім не дейді?
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атын Қызылжар деп өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Әкімнің сөзінше, қаланың атауын өзгерту тақырыбы қазір өзекті емес.

"Менің ойымша, бұлқазіргі таңда өзекті емес. Өйткені бізде абаттандыру, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік дамуға қатысты басқа да көптеген мәселелер бар. Қазір ол мәселелер екі еселенген. Мен мәселе көтерілмейді деп айтпаймын. Атын өзгертуді жақтайтындар да бар. Алайда қазір уақыты емес деп айтатындар бар. Бұл мүлдем саяси мәселе емес", – деді ол.

Әкім ең алдымен, халықтың пікіріне назар аударатынын айтты.

"Көпшілік атауды өзгертуді қолдаса, бұл мәселені қараймыз", – деді ол.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Айдарбек Сапаров облыстың әкімшілік орталығы Қызылжар болып қайта аталмайтынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы елдегі аймақтардың атауын қазақша өзгерту идеясын қолдайтын-қолдамайтынын түсіндірген. Сондай-ақ Петропавл қаласының атын өзгерту мәселесін Мәжіліс депутаты көтерген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow