Қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды ерекше жазба жариялады
"Қазақфильм" басшысы қызметінен босатылған Азамат Сатыбалды жаңа жазба жариялады, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
"Жаңадан туған қасқыр балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді. Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре. Содан қозғалмай жатып ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық. Күндердің күні туғанда. Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солааааааай…”, - деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?