Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарымен қоштасты

Шешуші сәтте төрешілер жеңісті испаниялық боксшыға берді.

Шілде 30, 2024 - 09:05
Шілде 30, 2024 - 08:24
Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарымен қоштасты
фото: ҚБФ

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді.

Алғашқы раундта Қамшыбек 3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді. Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испандық боксшының еншісінде кетті.

Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow