«9 баланы өмірге әкелді»: 17 жасында қазаққа тұрмысқа шыққан Наталья келіннің оқиғасы (ВИДЕО)
Қазақша емін-еркін сөйлеп, халқымыздың барлық салт-дәстүрін ұстанады.Ислам дінін қабылдаған.
Тикток желісінде 17 жасында тұрмысқа шығып, нағыз қазақ келіні болып сіңісіп кеткен Украина жерінің тумасы Наталья Григорьевнаның оқиғасы көрерменнің көзайымына айналды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Немересінің айтуынша, әжесінің бұл оқиғасы ол үшін үлкен мақтаныш әрі үлгі аларлық жағдай.
«Әжемнің есімі Наталья. Украинаның тумасы. Атама 17 жасында тұрмысқа шығып. 9 баланы өмірге әкелді. Қазақша емін-еркін сөйлеп, халқымыздың барлық салт-дәстүрін ұстанады.Ислам дінін қабылдаған. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш әрі үлгі аларлық жағдай», - деп жазған немересі.
Видеодан Наталья апаның, сөзін «Бисмиллә» деп бастап, ет асып, сорпа қайнатып жатқанын көруге болады.
Оның айтуынша, басында әрине қиындықтар болған.
«Бірінші жылы ол орысша, мен қазақша түсінбеймін. Сосын үйрендік. Екі ұл балам қайтты. Қазір үш қыз, төрт ұл, сонымен жеті балам бар», - дейді қазақтың келіні.
@eto_tvoya_sumka На видео - моя аже Наталья Григорьевна. Родом она из Украины, во время целины ее семья переехала в Казахстан, на небольшую станцию Сурган. Именно там началась их невероятная история. Сегодня моей бабушке 74 года, она - настоящая героиня, родившая 9 детей. Свободно владеет казахским, знает и чтит все обычаи и традиции нашего народа. Приняла ислам. Для меня пример и гордость! ❤️???? #СемейныеЦенности #ГероиНашего Времени #ажека #ажеукраинка #ажекалюбимая ♬ оригинальный звук - eto_tvoya_sumka
Сіздің реакцияңыз қандай?