Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынап тастады

«Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді».

Қаңтар 15, 2024 - 15:17
Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынап тастады

Танымал режиссер Ермек Тұрсынов “Мүмкін емес” Youtube арнасына берген сұхбатында отандық кино саласын қатаң сынға алып, бұл салада деградация болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, кино саласында тұтас деградация, тіпті диверсия болып жатыр. Кино саласына цензура енгізу керектігін айтып, «Таптым-ау, сені» фильмі жайлы ойын ашық жеткізді. 

«Әнеубір мотоциклге мінген әйелді айтам, иә, «Таптым-ау, сені». Жалқауланбай барып қайттым. Бұл катастрофа! Ал залдар лық толы. Көз алдыңа елестете аласың ба? Ұлтымыздың уланғаны соншалықты, олардың бәрі ананы – бұл жерде боқтауға болмайды ә, соны көріп отыр. Көре отырып бәрі бақытты. Орнымнан тұрып, «халайық, сендерді алдап соғып жатыр, мына киноның бәрі өтірік, немеге көріп отырсыздар?» дегім келеді. Қазіргі киносымақтар... Қайдағы бір актерлар мен режиссерлер қаптап кетті. Экран быт-шыт – катастрофа. Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді. Соның бәрі тапа-тал түсте болып жатыр. Цензура енгізу керек», – дейді Ермек Тұрсынов.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow