«39 дәріні үйіне сеуіп, кетіп қалған». Ақтауда екі сәбидің өліміне қатысты тың мәлімет пайда болды

Қазан 23, 2023 - 16:26
Қазан 26, 2023 - 08:17
«39 дәріні үйіне сеуіп, кетіп қалған». Ақтауда екі сәбидің өліміне қатысты тың мәлімет пайда болды
Балалар қаза тапқан үй. Дереккөз: Lada.kz

Ақтау қаласы 7 шағын аудандағы №14 үйдегі пәтердің иесі қандаланы өлтіру үшін белгісіз улы затты пайдаланған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Асима Жарылғасова мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Аймақтық Lada басылымының жазуынша, эпидемиологиялық зерттеу екі бала қаза тапқан пәтер мен қандала уланған пәтерде аммиак және көмірқышқыл оксиді химиялық элементтерінің деңгейі өте жоғары болған. Асима Жарылғасованың айтуынша, үйін қандаладан улаған келіншек құрамы белгісіз, қандай өндірістен шыққаны белгісіз улы зат қолданған.

«Пәтердің иесі әйел адам, ол үйіне 39 дана дәріні сеуіп, кетіп қалған. Қандала улап жатырмын деп не көршілеріне, не коммуналдық қызметке айтпаған. Сол пәтер мен екі бала уланып өлген пәтердегі ауаның құрамын зерттей келе екі пәтерде де аммиак және көмірқышқыл оксиді тым артық болғанын анықтадық. Осы екі улы газды жұтқан жеті адам уланып, өкінішке қарай, екі сәби мерт болды», деп мәлім етті Асима Жарылғасова.

Асима Жарылғасыова сондай-ақ пәтер иесі белгісіз улы затты Алматының базарынан сатып алған деген ақпарат ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазан күні Ақтауда екі сәби белгісіз заттан уланып, қаза тапқан еді. Кейін анықталғандай, екі баласы қаза тапқан отбасының көршісі пәтеріндегі қандаланы өзі улап, өлтірмек болған. Өкінішке қарай, қандала емес, 2,5 жастағы бала мен он айлық сәби мерт болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow