«Алматыметро» құрылысынан 5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
«Метрополитен» құрылысына жауапты болған лауазымды тұлғалар қызмет мүмкіндіктерін асыра пайдалана отырып, құрылыс кезінде ірі көлемде қаражат ұрлағандары анықталды, деп хабарлады sadaqmedia.kz
Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының 2023 жылды қорытындылау жиынында айтылды.
«Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды, деп жазды қадағалаушы органның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Бұл Қаазақстанда алғашқы және жалғыз метро болып саналады. Орта Азияда Ташкенттен кейінгі екінші метро.
Сіздің реакцияңыз қандай?