«Бишімбаевты соттауға болмайды, оның кәнісі жоқ» - қоғам белсендісі

Ол жас бала.

Қаңтар 10, 2024 - 17:55
Қаңтар 16, 2024 - 17:03
«Бишімбаевты соттауға болмайды, оның кәнісі жоқ» - қоғам белсендісі
Фото: Kursiv.media

Бақытжан Құрманов есімді қоғам белсендісі Bilgen durys арнасына берген сұхбатында қоғамдағы өзекті мәселелерге, соның ішінде Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдіріп, ой бөлісті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы  ztb_qazaq телеграмм арнасына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, өз әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың өзін емес, әкесін соттау қажет.

«Бишімбаевты соттауға болмайды, ол жаc бала. Оның кәнісі жоқ. «Министр болып Астанадағы ЭКСПО-ны қарап жүргенде миллиард ұрладың» деп айып тағып, оны соттады. Бірақ оның еш кінәсі жоқ. Алғанның бәрі кінәлі емес. Себебі ол ұясында не көрді, ұшқанда соны көрсетті.

Оның әкесін соттау керек. Бишімбаевты сол жерге дейін жеткізгендерді соттау керек. Бишімбаевты шығарып алды, арты не болды?

Тағы да айтамын, безнаказанность порождает более тяжкое преступление. Ол адам өлтіріп отыр. Қандай ауыр қылмыс. Өзіңнің сүйіп алған әйеліңді қиянатпен өлтірген дегенді білмеймін. Алты-ақ жыл. Ол ертең 6 жыл емес, екі жарым жылда шығады. Әділдік қайда», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow