Сенат бюджет туралы заң жобасын мақұлдаған жоқ
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңының жекелеген баптары мақұлданбады, деп хабарлайды sadaqmedia.
Сенатта баяндама жасаған Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлағандай, 2024 жылға арналған түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде есептеліп отыр.Трансфертті есепке алмағанда кіріс 16,1 трлн теңге немесе түсімдердің жалпы сомасының 80% құрайды.
Бұл заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен және депутаттардан өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 180 ұсыныс келіп түскен. Дегенмен, депутаттао 2024 жылы 119,5 млрд теңге сомасына шығыстарды ұлғайту бойынша ұсынысты қолдады.
Басқа баптар бойынша өзгерістер енгізген сенат заң жобасын Мәжіліске қайта қайтарып берді.
Сіздің реакцияңыз қандай?