18-дегі бала 72 жастағы қарияны ұрып-соғып, тонап кетті
Қылмыс Абай даңғылының бойындағы көпқабатты үйдің қасында 25 маусым күні сағат 6:00-де болды.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, жас жігіт 72 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, жеке заттары салынған сөмкесін тартып алды. Банк карталары мен зейнетақы кітапшасы салынған әмиян да қоса кетті.
Құқық қорғау органдары тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол 18 жастағы жасөспірім болып шықты. Қазір жасөспірім уақытша қамау изоляторында. Оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұрланған заттар зейнеткерге қайтарылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?