Әпкесі - колледжде, інісі мектепте оқиды - Майқайыңда ағайынды балаларды зорлаған кім?
Павлодар облысының Майқайың ауданында 13 және 15 жастағы ұл мен қыз баланы екі ер адамның зорлағаны туралы ақпарат елді шошытты. Облыстың білім басқармасы зәбір көрген бұл екі бала ағайынды екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенованың сөзіне сенсек, екі күдікті де қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған.
«Колледжде оқитын кәмелетке толмаған қыз бала зорланған. Бұл істі тергеген кезде полиция осы қыздың мектепте оқитын інісі де зорлық көргенін анықтаған. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - делінген Павлодар облысы Білім басқармасының зорлау фактісі бойынша берген түсініктемесінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?