Үндістанда лық толы автобус шатқалдан құлап, 36 адам қаза болды

Қараша 5, 2024 - 16:29
Үндістанда лық толы автобус шатқалдан құлап, 36 адам қаза болды

Үндістанның солтүстік аймағында жолаушылар отырған автобус аударылып, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды The Times of India.

BBC-дің жазуынша, автобуста барлығы 44 адам болған, оның ішінде 36 адам көз жұмса, 27-сі жарақат алған. Жергілікті құзіретті органдардың хабарлауынша, көлік Марчула қаласы жаныдағы 50 метр тереңдіктегі орға құлап кеткен.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға 200 000 рупийден (2 378 доллар) берілетінін мәлімдеген. Ал зардап шеккендерге 50 000 рупийден көмек көрсетіледі.

Үндістанда автобустар - жолаушылардың негізгі жүріп-тұру құралы. Халықтың басым бөлігі шағын қалалар мен аудандарға автобуспен қатынайды. Алайда операторлар көбіне қауіпсіздік ережелерін елемей, автобусқа адамды шамадан тыс көп алады. Үндістанда жыл сайын жол-көлік апатынан шамамен 160 000 адам қаза табады. Бұл - әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow