Қостанай облысында жұмысшы қаза тапты
Қостанай облысында Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) кәсіпорнында қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 22 қарашада «Қашары Руда» АҚ аумағында жол-көлік оқиғасы болды, нәтижесінде вахталық машинаның жүргізушісі әкімшілік-тұрмыстық корпус маңында қозғалыста маневр жасай отырып, вахталық автомобильдің басқа жүргізушісіне соқтығысты. Қызметкер адам өміріне ауыр келетін жарақат алды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Кәсіпорын ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады және барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
Оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?