ҚМДБ Палестинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, бейбітшілікке шақырды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
“Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді. Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз”,-делінген мәлімдемеде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндеді.
“Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдейміз”-,делінген ҚМБД үндеуінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?