Қазақстанның гуманитарлық көмегі Ауғанстанға жетті

Қазан 21, 2023 - 15:52
Қазан 24, 2023 - 09:32
Қазақстанның гуманитарлық көмегі Ауғанстанға жетті

Қазақстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге жіберген гуманитарлық көмегі Ауғанстанға келіп жетті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан Ауғанстанға жалпы салмағы  1662 тонна, барлығы 27 вагон жүк жіберген. Гуманитарлық көмектің ішінде күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрац, көрпе, жайма, жылы киім мен өзге де заттар бар.

Балх провинциясы губернаторының орынбасары А. Идрисс ауған халқы атынан  қазақ халқына алғыс айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow