Қазақстанда күзгі каникул уақыты белгілі болды

Қазан 23, 2023 - 10:30
Қазан 23, 2023 - 12:33
Қазақстанда күзгі каникул уақыты белгілі болды

Қазақстанның мектеп оқушылары биыл күзгі каникулда 7 күн демалады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектептегі күзгі демалыс 2023 жылдың 30-қазаны мен 5-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

“Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр”,- деп хабарлайды министрлік.

Бағдарламаның толық жоспарын Оқу-ағарту министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow